Ақылы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Тамыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді.
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу Қағидаларына сәйкес жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға қабылдау үшін 2019 жылғы 17 мен 20 тамыз аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. Өтініштер желілік ЖОО-ларда 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады, – деп хабарлады тестілеу орталығы.
Айтқанымызда, бұл тестілеу ақылы түрде өткізіледі. Бағасы – 2242 теңге.