KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, З
447.25 485.18 4.96

ШҚО-да жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша бес жылдық жоспар әзірленіп жатыр

20.12.2023, 12:48 99 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша бес жылдық жоспар әзірленіп, кезең-кезеңімен жөнделетін жолдар мен көшелер тізімі жасалды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Естеріңізде болса, өңірде 2024 жыл «Жол жылы» болып жарияланды.

– Біз жалпы ұзындығы 600 шақырым жол мен көшені ретке келтіруге, облыстық және аудандық маңызы бар тасжолдарды жөндеуге бөлінетін қаржыны екі есеге – 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін ұлғайтпақ ойымыз бар. Елді мекендердің көшелері мен жолдары жөнделетінін ескере отырып, барлығы 28 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз, – деп мәлімдеді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Бес жылдық жоспар әзірленіп, жөнделетін жолдар мен көшелер нақтыланған соң тұрғындарға жөндеудің көлемі мен мерзімі туралы хабар беріледі.

Айта кетейік, облыс орталығында биыл 5,7 млрд теңгеге 27,5 шақырым жол мен көше жөнделді. 2024 жылы 10 млрд теңгеге 33,6 шақырым жол мен көшені қайта жаңарту және жөндеу жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив