ШҚО-да шекаралық аудандарды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар
Фото: kazakhstan.travel
Шығыста шекара маңындағы аудандар мен бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бойынша биыл қандай жұмыстар атқарылды?
ШҚО-да аталмыш екі бағдарлама ерекше дамыған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қытай Халық Республикасымен шекарада орналасқан өңірлер үшін жалпы көлемі 183 млрд теңге болатын 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарлар қабылданды, оның ішінде 2021 жылы 43 млн. теңгеге іс-шаралар орындалған. Ағымдағы жылы облыстардың бөлінуін есеп алғанда, 44 млрд теңгеге орындалды.
Бұрынғы аудан орталықтарын дамытудың 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 43 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде өткен жылы 14 млрд теңгеге, ағымдағы жылы 8 млрд теңгеге жобалар қаржыландырылған.
Шекара маңы аумақтары мен бұрынғы аудан орталықтары бағдарламасын іске асырудың екі жылының қорытындысы: 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орынын құру, 9 спорт нысанын, 3 көппәтерлі және 102 екіпәтерлі үй (18,8 мың шаршы метр) салу, 284 км сумен жабдықтау желілерін жүргізу, 156 әлеуметтік нысанды жөндеу, сондай - ақ 450 км жолдар мен көшелерді салу.
Биыл 7 су құбыры, 3 әлеуметтік нысан (мектеп, мұражай және ОДА) салынып, 12 әлеуметтік сала нысаны, 177 шақырым жол мен көше жөнделіп жатыр.