Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды
Фото: Абзалбекова Анель
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасы талданды, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
БҚДА мәліметінше, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан аса тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген.
Бұған дейін агенттік ұялы байланыс операторларының бір минуттық сөйлесулердегі қоңыраулардың құнын және тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеу жөніндегі әрекеттерінде (көрсетілген қызметтердің бір бірлікке тарифтелуі көзделген) бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықтаған болатын. Осыған байланысты ұялы байланыс операторларына бағаны негізді төмендету жолымен анықталған белгілердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілді.
Ұялы операторлар хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, агенттік тергеп-тексеру жүргізу туралы да шешім шығарады.