KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Сапалы қызмет көрсетпеген ұялы байланыс операторларына айыппұл салынды

Фото: stan.kz

10.07.2023, 10:26 268 Ләззат Қанатқызы

Өткен 2022 жылы сапалы қызмет көрсетпеген ұялы байланыс операторларына 3,4 млрд теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатында жазылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

  "Мемлекеттің монополиялануы және нарықтың жоғары шоғырлануы салдарынан операторлар арасында клиент үшін бәсекелестіктің төмендеуі байқалады. Бағаның өсуіне, тұтынушыларға талап етілмеген қызметтерді жүктеуге, сондай-ақ байланыс және интернет қызметтерінің сапасына шағымдар көбейді. Мысалы, 2022 жылы және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс операторларына қатысты байланыс қызметтерінің сапасы бойынша 1 492 тексеру жүргізіп, оларға 3 млрд 44 млн теңге сомасына айыппұл салды", - делінген құжатта.

Мәлім болғандай, былтыр Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне «жарқын+» тарифтік жоспары бағасының 52,4%-ға, «қоңырау шалу» тарифі бойынша құнның 100%-ға қымбаттауына байланысты шағымдар жиі түскен.

Сондай-ақ өткен жылдың соңындағы ақпаратқа сай, елімізде тіркелген абоненттер саны 25,1 миллионға жеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив