KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Қар көшкіні: «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» тас жолы жабылады

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

4.01.2024, 10:29 384 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілуіне байланысты облыстық маңызы бар тасжолдардың бірі жабылды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» тас жолында профилактикалық көшкін түсіру жұмыстары жүргізіледы, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Сағат 11.00-ден бастап облыстың маңызы бар «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» тас жолының 30-37 шақырымында профилкатикалық қар көшкіні жүргізіледі. Көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеледі, - деп атап өтті ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ құтқарушылар тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу