KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Алдағы 4 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін - ШҚО

almaty.tv

30.12.2023, 09:00 131 Назерке Каримова

ШҚО-дағы таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. 

Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив