KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Биыл Бердібек Соқпақбаевты оқимыз

фото: freepik.com

8.01.2024, 10:13 817 Қызырбек Дүргінбайұлы

Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ел болып Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқитын боламыз. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап – 2023» республикалық акциясының жиыны өтіп, комиссия мүшелері ұсынылған бірнеше автордың ішінен Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын қолдады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оқырмандар «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2024 жылы оқуға Б.Майлин, Қ.Жұмаділдаев, Т.Әлімқұлов,  Б.Соқпақбаев сынды классик жазушыларды ұсынған. Солардың ішінен комиссия мүшелері 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін қазақтың қабырғалы қаламгері, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевты таңдаған.

Айта кетейік, Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп келе жатыр. Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.

Акция 2007 жылы Ұлы Абайдың қарасөзін оқудан басталған. Содан бері қазақ әдебиетінің ең  таңдаулы 50 классик ақын-жазушысының үздік шығармаларын оқырман қауымға ұсынып, насихаттап келді.

Ал биыл оқуға ұсынылып отырған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Өзім туралы», «Менің атым Қожа» «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» атты шығармалары оқырман қауымға жақсы таныс. Ал жазушының кейінгі шығармаларының ішінде махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» атты тамаша әңгімесі бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу