KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да «KitapTime-2023» жалпыреспубликалық кітап фестивалі өтті

17.09.2023, 10:49 203 Ләззат Қанатқызы

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «KitapTime-2023» жалпыреспубликалық кітап фестивалі өтті.

Фестиваль қонақтары Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Айдос Ербосынұлының «Жағың сынса, да сағың сынбасын»: кітабының таныстырылымына қатысып, автормен жүздесіп, спорт әлеміне  саяхат жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқырмандар «Отбасы – отанымыздың алтын діңгегі» атты интерактивті әдебиеттер көрмесін тамашалап, танымды да қызықты сұрақтарға жауап берсе, жасөспірімдер «Кітап оқу шеберханасы» атты кітап оқуға тарту тренингіне қатысып, қызықты жаттығулар мен «Ертегі құрастыр» шығармашылық тапсырмаларын орындады.

Сондай-ақ «Между строк» кітап клубының  мүшелері бас қосып клубтың маусымдық ашылуын ерекше атап өтіп, «АҚШ-та білім алу» семинар тренингіне жиналған жастар АҚШ-тың танымал университеттері, оларды таңдау және үздік университтерге түсудің жолдары туралы өздеріне пайдалы ақпараттар алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив