KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Алтай ауданында сүт өндірісін арттыратын жобалар жүзеге асып жатыр

Фото: qaz-media.kz

10.01.2024, 16:15 108

Алтай ауданындағы агроөнеркәсіп кешенінің даму көрсеткіштеріне жасалған талдау ауыл шаруашылығы аталған аудан экономикасының драйвері бола алатындай үлкен мүмкіндік бар екенін көрсетіп отыр.

Алтай ауданында қарқынды дамып келе жатқан ауыл шаруашылығы саласының бірі – сүт өндірісі. Ауданда бес тауарлы сүт фермасы бар. Келер жылы олардың қатары екі үлкен шаруашылықпен толықпақ. Өткен жылы сүт сауылымы 3086,3 тоннаны құрап, үш пайызға артқан, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сүт шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында «Мойылды Байқоңыр» ЖШС Полянское ауылында 1 мың басқа арналған сүт-тауарлы фермасын салып жатыр. Жобаны іске асыру мерзімі – 2023-2025 жылдар, жобаны жүзеге асыру ауданда сүт өндірісін жылына 6500 тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. 
Биыл Бородино ауылында 200 басқа арналған сүт фермасының құрылысы басталады.  Жобаның құны меншікті қаражат есебінен 100 млн теңгені құрайды.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив