KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытуға 24,5 млрд теңге бөлінген – ШҚО

28.04.2023, 15:15 390

Биыл облыстың АӨК дамуын қолдауға 24,5 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға – 4,1 млрд теңге, мал шаруашылығын дамытуға – 4,8 млрд теңге, инвестициялық субсидиялауға – 8,7 млрд теңге, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 6,3 млрд теңге, басқа бағыттар бойынша 0,6 млрд теңге жұмсалған.

Инвестициялық субсидиялау, мал шаруашылығын дамыту салалары бойынша 21,5 млрд теңге субсидияға қосымша қажеттілік туған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған 21,5 млрд теңге субсидияға қосымша қажеттіліктің 10 млрд теңгесі – инвестициялық субсидиялауға, 5 млрд теңге – кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға, 6,5 млрд теңге мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бағытталады. Мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығы басқармасы жыл басында ҚР АШМ-ге бюджеттік өтінім жолдаған.

Биыл мал шаруашылығында ет өндіру көлемін 2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда 103%-ға арттырып, 158 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ал сүт өндіру 513 мың тоннаға жетеді деп болжанды.

Осы жылы Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-дегі ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру саласындағы тәжірибесін тираждау бағдарламасы шеңберінде сүтті мал шаруашылығында тауарлы-сүт фермаларын салу және реконструкциялау бойынша 6 жобаны іске асыру жоспарланған. Ол үшін республикалық бюджет қаражатынан 10 млрд теңге бөлу жоспарланды. Жобаларды іске асыру кезінде тауарлы-сүт фермаларының сүт өндіру көлемі жылына 47,5 мың тоннаға ұлғаймақ. Бұл 2024 жылы жергілікті сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 65%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді (2022 жылы  29%).

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу