KZ
Өскемен
-32°
переменная облачность жел 2 м/с, З
512.16 594.72 6.57

ШҚО-да республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды

Фото: vecher.kz

14.01.2024, 18:05 496 Анель Слямғазықызы

"Облшығысжол" ЖШС ақпараты бойынша, 14 қаңтар күні сағат 17.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, көктайғақ) бірқатар автожолдар жабылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қозғалыс шектеулері автокөліктің барлық түрлері үшін енгізіледі:


  • сағат 17.00-ден бастап Өскемен – Семей және Шемонаиха – Абай облысының шекарасы;
  • сағат 18.00-ден бастап Өскемен – Алтай (қар көшкіні қаупі);
  • сағат 19.00-ден бастап Тарғын – Самар (қар көшкіні қаупі);
  • сағат 19.00-ден бастап Таулы Үлбі – Северное (қар көшкіні қаупі);
  • сағат 17.00-ден бастап Өскемен – Семей (боран).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу