KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
441.8 480.02 4.88

Шығысқазақстандық оқушы халықаралық байқаудан жүлделі оралды – ШҚО

Фото: gov.kz

29.06.2023, 10:53 332

Албанияның Тирана қаласында жасөспірімдер арасында математика пәні бойынша өткен Балқан олимпиадасына (JBMO) қатысқан шығысқазақстандық оқушы жүлдегер атанды.

Өскемен қаласындағы лицейлердің бірінің оқушысы қола жүлдемен оралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Олимпиадаға әлемнің 20 елінен 126 оқушы қатысты. Қазақстан атынан қатысқан құрама 2023 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 6 оқушыдан құралған.

Қазақстанның Ұлттық зияткерлік құрамасының қатарында Өскемен қаласында орналасқан дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім – инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Әлинұр Маратұлы бар.

Олимпиада қорытындысы бойынша облыс қоржыны халықаралық деңгейдегі тағы бір медальмен толықты. Байқаудан Әлинұр Маратұлы қола медальмен оралды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив