KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Зайсан ауданында қасқырдың малға шабуы жиілеген бе?

фото: trofey.ru

25.01.2024, 11:37 159 ALTAINEWS

Түз тағысының Зайсан ауданында  өрістегі малға шабуы жиілеген деген ақпарат тарап, жергілікті тұрғындар қасқырға жем болған малдарын айтып, дабыл қаға бастаған.

Жаңдайдың қалай болып жатқанын Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ришат Рамазановтан сұрап білдік, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Бұл жағдай біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгінгі таңда Зайсан ауданы бойынша төрт түлік малға  қасқыр шапты деген жағдайлар тіркелген жоқ. Осы ретте аудан тұрғындарына айтарым, қасқырдан зардап шеккен жағдайда ресми органдарға хабарласып,  шара қабылдау туралы өтініш берулерін сұраймын. Өтініш тіркелген жағдайда, жауапты мекемелер, лицензиясы бар аңшылардың көмегімен қалыптасқан жағдайды шешу бойынша әрекет ететін боламыз, – деді Ришат Рамазанов.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив