KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да жыл басынан бері бруцеллез жұқтырудың 25 дерегі тіркелген

Фото: Шығыс ақпарат

2.10.2023, 15:54 220

Елде биылғы 8 айда бруцеллез жұқтырудың 479 дерегі расталды. ШҚО-да аталған кезеңде 25 жағдай тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауру жұқтыру 1,6 есе өскен. Қазіргі таңда ШҚО аталған ауруды жұқтыру бойынша аймақтар арасында 6-орында.

Ауру жұқтыру облыстың 7 өңірінде анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

– Ауру жұқтыру облыстың 7 аумағында анықталды. Оның ішінде Зайсан ауданында – 8 жағдай, Тарбағатай ауданы мен Өскемен қаласында 5 жағдайдан, Күршім ауданында – 3 жағдай, Ұлан  ауданында – 2 жағдай, Глубокий ауданында және Риддер қаласында  1 жағдайдан тіркелген. Аурудың өршуі тіркелген жоқ, – дейді Сәуле Сләмғазина.

Ал 14 жасқа дейінгі балалардың арасында 4 дерек тіркелген. Ол Зайсан, Күршім аудандары мен риддер қаласында.

Дерекке сүйенсек, ауру жұқтыру дерегінің басым бөлігі ауылдарда тіркелетін көрінеді. Дәлірек айтқанда, 19 жағдай немесе 76%-ы ауылдарға тиесілі.

                   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу