KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Өскеменде COVID-19 жұқтырғандардың көбі ЖМК ауданында тіркелген

11.07.2020, 14:17 164

10 шілдедегі жағдай бойынша соңғы бір тәулікте Өскеменде коронавирус жұқтырған 57 науқас тіркелді. Аймақта барлығы 154 жағдай тіркеліп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстың бас санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың мәліметі бойынша, науқастардың көбі ЖМК ықшам ауданында тіркелген.

57 жағдайдың ішінде: 9 жағдай - ЖМК ауданында, 6 жағдай - Үлбі ауданында,  3 жағдай -Октябрь ауданы мен Күленов кентінде. Красин, Меновное кенттері, 23-ші ықшам аудан мен Аблакеткада 1 жағдайдан тіркелген. Тағы бір жағдайда науқас сырттан келген адам, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу