Алматы-Өскемен автожолында көлік апаты орын алды
Абай облыстық ПД
Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кетті.
Оған көлік дөңгелегінің жарылып кетуі себеп болған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Абай облысы Полиция департаменті ақпаратына сүйенсек, бүгін сағат 17:30-да Алматы-Өскемен автожолының 949-шақырымында Жарма ауданының Қалбатау ауылы бағытында “BMW” жүргізушісі артқы сол жақ дөңгелектің жарылуына байланысты көлікті басқара алмай, көлік құралы аударылып қалған.
Апат салдарынан 32 жастағы жүргізуші түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз