Бір аптада 12 кісі өлімі тіркелді – ІІМ
Фото: depositphotos.com
Өткен аптада ел ішінде 12 кісі өлімі болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
«Елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 2541 қылмыс жасалды. Соның ішіндегі 1619 қылмыс тәулік ішінде ашылды. Тәртіп сақшылары 12 кісі өлтіру, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру секілді қылмыстарды әшкереледі. Одан бөлек, тәртіп сақшылары апта ішінде 28 тонау, 2 қарақшылық және 284 бөтен мүлікті ұрлағандарды тапты», - деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Оқи отырыңыз