KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Бір апта ішінде Қазақстаннан мыңға жуық шет ел азаматы шығарылды

Фото: egemen.kz

9.10.2023, 21:11 237

Ішкі істер министрлігі өткен аптадағы жұмысының қорытындысын жариялады. 

Дерек бойынша, бір апта ішінде 931 шет ел азаматы елден шығарылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2893 қылмыс жасалды, оның 1800-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 8 кісі өлтіру дерегін, 9 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 31 тонау және 368 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді министрліктің өкілі Шұғыла Тұрлыбек баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, 2-8 қазан аралығында ел аумағында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен.

– Шараның мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын анықтау және оның жолын кесу. Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзған 8303 шетелдік, сонымен қатар шетелдіктердің елде болу ережесін дұрыс қамтамасыз етпеген 2632 адам мен шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 537 адам жауапкершілікке тартылды. Елден 931 шетелдік азамат шығарылды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен келген шетелдіктер арасынан 22 қылмыскер ұсталды, - дейді ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив