KZ
Өскемен
+8°
туман жел 3 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Ұландық оқушылар «IQ STAR – 2024» байқауының жеңімпазы атанды

9.02.2024, 11:16 145 Қызырбек Дүргінбайұлы

Алматы қаласындағы Құрманғазы қазақ ұлт аспаптар оркестр залында өткен «IQ STAR 2024» VIII Республикалык балалар мен жасөспірімдер байқауында Ұлан ауданың жеңімпазы атанып, Дубайда өтетін байқауға жолдама ұтып алды.

Шығыстың өнерлі оқушылары өзгеден озық шығып екеуіде жас ерекшеліктері бойынше Республикалық байқауда гран при иегері атынып қайтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ұлан аудандық «Балалар музыка мектебінің» оқушылары өнер байқауында «эстрадалық вокал» номинациясы бойнша жеңімпаз атанып қайтты. Жас өнерпаз Айдын Ақжол «Синяя вечность» әнін орындап елді тамсандырса, Еркін Сұлтанали «Үкілі әуен» әнімен көпшіліктің көңілінен шыққан

– Байқауға Темірбек жүргенов атындағы өнер академиясының ұстаздары, әншілер мен танымал тұлғалар төрелік етті. Біздің оқушылар мықтылардың бағасын алып, таланттардың арасынан топ жарды. Байқау ұйымдастырушылары Гран при алған қатысушыларға Дубайда сәуір айында өтетін «Dubai of the Festival» байкауына тегін қатысуға жолдама берді, – дейді Ұлан ауданы «Балалар музыка мектебінің» директоры Бақытжан Ақанова.

Жалпы, Ұлан ауданының музыка мектебінің шәкірттері көптеген байқауларда жеңімпаз атанып, шығысқа жүлдемен оралып жүргені көңілге қуаныш ұялатады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив