KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

«Жұлдыз» балалар өнер мектебінің оқушысы салған сурет халықаралық жинаққа енді

12.12.2019, 11:41 263

«Жұлдыз» балалар өнер мектебінің оқушылары республикалық және халықаралық додалардың жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өнер мектебінің талантты жастары ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұйымдастырылған «Балалар әлемді бейнелейді» атты республикалық және «ПЛЕНЭР-2019» 7-ші халықаралық сурет байқауының жеңімпаздары атанды. Осыған байланысты бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға мектеп директоры мен жас өнерпаздардың ұстаздары және ата-аналары қатысты.

-        Көркемөнер бөлімінде 300-ден астам бала бейнелеу сабағынан білім алады. Жалпы осындай республикалық және халықаралық байқауларға өнер мектебінің оқушылары жиі қатысады. Аймақтағы білім ордалары мен өнер мектебі тығыз байланыста. Осындай байқауларда еліміздің атын танытып жүрген жас таланаттарымызды мақтан тұтамыз, - дейді мектеп директоры Дархан Қасенов.

1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша "Балалар әлемді бейнелейді" атты дүниежүзілік жобасын бастаған болатын. Жобаның басты мақсаты - балалар шығармашылығын насихаттау. Байқауға әлемнің барлық елдерінен 3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатысады. Жыл сайын өтетін байқауға биыл – 20 жыл. Осыған байланысты «Балалар әлемді бейнелейді» атты халықаралық кітап шығарылды. Байқаудың жүлдегері атанып, туындысы жинаққа енгендердің бірі - Дарья Ситникова. Жеті жастағы оқушы, өз туындысын небәрі бір сағатта салдым дейді.

-        Мен жеті жастамын. Маған сурет салған өте ұнайды. Менің туындым «Бақыт құсы» деп аталады. Әлемнің түкпір-түкпірінен іріктелген жас суретшілердің қатарынан табылғаныма қуаныштымын, - дейді Дарья Ситникова

Он бір жылдан бері талай өнерлі жасты түлеткен мектеп, тоғыз бағыт бойынша жұмыс істейді. Қай бағытта болмасын аймақ пен елдің намысын қорғап жүрген жастар биыл да талай белесті бағындырды. Соның айқын дәлелі медаль асынып, халықаралық жинаққа туындылары енген оқушылар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу