KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
484.11 528.79 5.03

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

Фото: novoetv.kz

13.02.2024, 09:44 302 Оразай Жеңісұлы

"Қазавтожол" ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдармен жүретін жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты. 

Мамандардың айтуынша, 13-14 ақпанда фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстік облыстарда қалың қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады.

Еліміздің батысында, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 5 градус аяздан, -2 градусқа дейін жылынады деген болжам бар. Ал 15 ақпанға қарай республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.

"Құрметті жүргізушілер! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауыңызды сұраймыз. Еске сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат Сапар мобильді қосымшасында орналастырылуда, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив