KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Балық аулайтын орындарды смартфоннан көруге болады – ШҚО

Фото: Анель Абзалбекова

13.02.2024, 11:20 179 Оразай Жеңісұлы

Балық аулау үшін керекті рұқсатты үйден шықпай-ақ алуға болады.

Ол үшін телефоныңызға Poymay.kz қосымшасын орнатсаңыз жеткілікті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Poymay.kz – бұл балық шаруашылығы субъектілерін, балықшыларды және мемлекеттік органдарды біріктіретін алғашқы цифрлық платформа.

- Өткен жылдан бастап балық аулау ережесіне өзгеріс енгізілген болатын. Соған сәйкес, балықшылар рұқсат қағазын онлайн түрде ала алады. Ол үшін Poymay.kz қосымшасын телефонына жүктеп, тіркелгеннен кейін, өзіне жақын маңдағы балық аулау орындарының бірін таңдаса болды. Бұл балықшылар үшін де, біз үшін де өте тиімді қосымша. Балыққа бару кез кезлег уақытта туындайтын ой. Бірде ауа райы қолайлы болып қалса, біреулерде аяқ астынан демалыс болып қалуы мүмкін. Қазір шығыста 10 мыңға жуық әуесқой балықшылар бар. Осы қосымша арқылы біз олардың  уақытын үнемдей аламыз, - дейді Зайсан-Ертіс облысаралық  бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысы Талғат Тұрсынханұлы.

Айта кетелік, Poymay.kz қосымшасы арқылы тек рұқсат қағазын ғана алып қоймай, қандай да бір заң бұзушылықты, браконерлікті байқасаңыз инспекция өкілдеріне жылдам хабар бере аласыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив