Медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 29 пайызға азайды - ШҚО
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ШҚО филиалының директоры Данияр Исенов облыстағы медициналық ұйымдардың несиелік қарызын азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баян етті.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев кредиторлық берешектің көлемін азайту бағытындағы қолға алынған шаралар осы саладағы мамандарды қысқарту есебінен жүргізілмеуі керектігін ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Филиал басшысының айтуынша, несие қарызының өсуіне мекеменің қаржылық тұрақтылығы талданбауы, дәрілік заттар мен талап етілмеген препараттардың көбеюі, дәрі-дәрмекті және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жұмсаудың дербес есебі болмауы, адамдарды негізсіз ауруханаға жатқызу жағдайлары себеп болған көрінеді.
Сондай-ақ жиында жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету, шалғай аудандардағы медицина мекемелерінің тозығы жеткен ғимараттары мен көліктерін жөндеу мәселелері талқыланды.
Фото: Ермек Иманғазинов