KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

ШҚО-да 600-ден астам адам емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланды

6.12.2023, 15:02 112 ALTAINEWS

Шығыс Қазақстанда жыл сайынғы емханаларға тіркеу науқаны аяқталды, ол 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтті, деп хабарлайды  Altaynews.kz тілшісі.


ШҚО бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Данияр Исеновтің айтуынша, өңірде тіркеу науқанына 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы қатысты, оның ішінде 13 қалалық жеткізуші және 12 аудандық медициналық ұйым бар.

Өңірде тіркелген халық саны 734 499 адам болса, соның 600-ден астамы тіркеу науқанының мүмкіндіктерін пайдаланды. Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын қызмет көрсеткен алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымында тіркеуде болады, - деді Данияр Исенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында. 

Сонымен қатар биыл ТМККК және МӘМС пакеттерін қаржыландыру былтырғымен салыстырғанда 15%-ға артты.

Қор филиалы жұмысының басты бағыттарының бірі – халықпен кері байланыс және емделушілердің құқығын қорғау. Биылғы 1 қаңтардан 31 қыркүйекке дейінгі кезеңде қор филиалына 741 шағым келіп түсті, барлық өтініш қаралып, талқыланды, - деп толықтырды спикер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив