KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

ШҚО-да әлем кубогында олжалы болған спортшыны жерлестері қарсы алды

27.03.2024, 16:18 63 Ынтымақ Толқын

Фристайл-могулдан Алматыда өткен әлем кубогының күміс жүлдегері Павел Колмаковты жерлестері құрметпен қарсы алды.

Шығыс өңірінің тумасы Павел Колмаков Шымбұлақта өткен әлем кубогының финалында 78,72 балл жинап, екінші орынға табан тіреген еді. Ел намысын байрақты бәсекеде қорғаған спортшыны жерлестері бүгін гүл шоқтарымен қарсы алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Жақында ғана Алматыда өткен әлем кубогына қатыстым. Жарысқа дайындығым өте жақсы болды. Сайыстың ұйымдастырылуы да жоғары деңгейде, барлығына ұнады деп ойлаймын. Финалда танымал канадалық спортшы Микаэль Кингсберимен жолықтым. Бірақ жеңіс оның еншісіне бұйырыпты. Қазір жарыс маусымы аяқталып қалды. Біраз тыныққаннан кейін жаттығуды қайта бастаймын, - деді Павел Колмаков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив