Қазақстандық 1414 Бірыңғай байланыс орталығы – әлемдегі үздік қызмет
"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ
"Азаматтарға арналған үкіметтің" Бірыңғай байланыс орталығы CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура халықаралық сайысында "Халыққа арналған үздік байланыс орталығы" номинациясын жеңіп алды.
Сайыстың марапаттау рәсімі Мәскеуде өткен. Оғане 440-тан астам үміткер қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ ақпаратына сүйеніп.
Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің 150-ден астам байланыс орталықтары үздік атағына таласты. 2024 жылдың қаңтарында 1414 финалға шығып, ақпан айында CCGuru Awards қазылар алқасының мүшелерін Бірыңғай байланыс орталығының кеңсесінде қабылдаған болатын. Байқау комиссиясының өкілдері орталықтың жұмысымен және ақпараттық жүйелермен танысты.
Айта кетер болсақ, CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура 15 жылдан астам уақыт бойы құзырлы қазылар алқасының шешімімен жыл сайын байланыс-орталық индустриясының және клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесудің үздіктеріне беріледі. Марапат кәсіби қоғамдастықтың жоғары жетілу және даму деңгейін мойындауын көрсетеді, байланыс орталықтарында клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесу саласындағы қатысушылардың жоғары жетістіктері мен нәтижелерін растайды.