ШҚО бойынша ҰБТ тапсыру орталықтарына ұялы байланыс сигналдарын сөндіретін құралдар орнатылды
ШҚО-дағы барлық ұлттық бірыңғай тестіні (ҰБТ) тапсыру орталықтары ұялы байланыс сигналдарын өшіретін, «сөндіргіштер» деп аталатын қондырғымен жабдықталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айта кетсек, 22-26 маусым аралығында облыста Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші кезеңі өтеді.
8490 түлектің 6669-ы (78,5%) ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға жоғары.
Облыс бойынша 16 орталықта мемлекеттік комиссия құрылды. Онда білім беру мекемелерінің басшылары, жергілікті атқарушы органдардың, құқыққорғау қызметтерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіріп отыр. Сондай-ақ, барлық орталықтар ұялы байланыс сигналдарын сөндіретін, металл іздегіш, онлайн трансляцияға арналған құралдар және бейнебақылау камералары орнатылды.
ҰБТ тапсырмайтын түлектердің 585-і шетелдік жоо-ларға, 1236-сы отандық колледждерге оқуға түспек екен.