Қарағандыдан пойызбен 1200-ден астам адамды эвакуацияламақ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ
Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы кентінде ауа райы нашарлап, қар қарқынды еріп, Шерубай-Нұра өзені шектен тыс толды.
Салдарынан «Екатеринбург-Алматы» тас жолы уақытша жабылды. Осыған байланысты Ұлттық тасымалдаушы Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастыруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Халықты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тегін негізде жеке локомотивті пайдалана отырып, бір рейске жолаушылар пойызы тағайындалды:
- №8801/8802 «Қарағанды-Балқаш-2» бағытында пойыз Қарағандыдан 30 наурыз күні сағат 14:53-те жөнелтілді.
Сондай-ақ, келесі 1 рейске жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар тағайындалды:
- «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №606 пойыз Қарағандыдан 30 наурызда сағат 19:40-та жөнелтіліп, 31 наурыз күні Балқашқа сағат 06:25-те келеді;
- «Балқаш-2-Қарағанды» бағытындағы №605 пойыз 30 наурыз күні сағат 22:50-де Балқаштан жөнелтіліп, 31 наурыз күні сағат 8:20-да Қарағандыға келеді.
Қосымша вагондардың арқасында су басқан аймақтардан 1200-ден астам тұрғындарды тасымалдау мүмкін болады.
Анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша тегін алуға болады.