KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 8 м/с, СБ
477.45 527.1 5.24

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

сурет: rail-news.kz

6.03.2024, 12:21 141 Оразай Жеңісұлы

Наурыз мерекесі және мейрам алдындағы күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар санының ұлғаюына байланысты қосымша пойыздар мен вагондарды іске қосады, деп хабарлайды  Altainews.kz сайты.

Бұл туралы ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша үш пойыз келесі бағыттар бойынша екі бағытта жүреді:

«Астана-Алматы-1» бағыты бойынша № 201/202 пойызы, төрт рейс;

«Астана-Шымкент» бағыты бойынша № 203/204 пойызы, үш рейс;
«Ақтөбе-Шымкент» бағыты бойынша № 205/206 пойызы, екі рейс.

Мереке күндері 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына, әсіресе, тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.

Пойызд қозғалысының кестесі бойынша толық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша, «KTZH_PP_BOT» телеграм-боты арқылы алуға болады, сонымен қатар @jolaushylar_tasymaly ұлттық тасымалдаушысының парақшасынан танысуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив