Шемонаихадағы аурухананың интернет желісі толығымен жаңартылды
Шемонаиха ауданындағы орталық ауруханада интернет желісіне қатысты мәселе туындаған болатын. Медициналық ұйымның дәрігерлері жұмыс уақытында интернеттің істемей қалған кездер жиі болатынын, бұл жұмысқа айтарлықтай кедергі келтіретінін айтып шағымданды.
Жақында аудандық ауруханада жаңа жергілікті желіні орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл жоба "Sergey and Yekaterina Didenko Foundation" қайырымдылық қорының демеушілік қолдауының арқасында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Техникалық инженер Александр Толчев, жабдықтарды орналастырып, жергілікті интернет желісін (жабдықтарды қайырымдылық қоры сыйға тартты, сонымен қатар желіні орнататын мамандар бригадасын да ұсынды) әр кабинетке ыңғайлы етіп жобалады. Сондай-ақ, аурухана үшін интернет жылдамдығын 20 мб/с-тан 100 мб/с-қа дейін арттыру бойынша Қазақтелеком АҚ-мен техникалық қолдау жасауға көмектесті.
Сонымен қатар Wi-Fi желісінің төрт кіру нүктесі орнатылды. Балалар бөлімшесінің пациенттері үшін қор сыйға тартқан жабдық интернет ұсынатын мазмұнды түзетуге мүмкіндік береді, яғни балалар бөгде сайттарға кіре алмайды. Интернет енді терапия бөлімшесінің, балалар консультациясының пациенттері, тіркеу бөліміне келушілер мен аурухана әкімшілігі үшін қолжетімді.