KZ
Өскемен
+13°
дождь жел 7 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Әлем чемпионы жерлестерімен кездесті – ШҚО

Фото: ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы

18.04.2024, 09:42 81 Нұржан Кенжеұлы

Фристайлдың могул түрінен жасөспірімдер арасындағы 2024 жылғы Әлем чемпионы және күміс жүлдегері Анастасия Городко жерлестерімен кездесті.

Спортшымен кездесуге облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшылығы мұрындық болған. Іс-шараға, сонымен қатар спорт саласының өкілдері мен ардагерлері қатыстып, сужаңа Әлем чемпионын жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Еске салайық, фристайлдың могул түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері, жерлесіміз Анастасия Городко осыдан бірер күн бұрын Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко өңірінде өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында жекелей сында топ жарған болатын. Байрақты бәсекенің финалында 71,89 ұпай жинаған өскемендік спортшы осылайша жаһандық біріншіліктердегі алтындар санын екеуге дейін жеткізді. Айта кетейік, Анастасия алғашқы алтын медалін 2022 жылы жеңіп алған болатын.

Сонымен қатар, биылғы Әлем біріншілігі барысында Городконың қанжығасы күміс медальмен де майланды. Ол жүлдесіне жерлесіміз параллельді могул сынында қол жеткізген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив