«Тарбағатай» ұлттық табиғи паркі 500 дана көшет отырғызуға демеуші болды

pixabay.com
«Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау және «Таза Қазақстан» акциялары аясында ауқымды ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ағаш отырғызу күніне орай Ұлттық парктің демеушілігімен 500 дана ағаш көшеттері Үржар ауылының «Болашақ саябағы», «Орталық алаң» және «Орталық аурухананың» маңына отырғызылды.
Игі іске 1200 адам атсалысқан.
Табиғат сұлулығы мен таза ауаның кілті - ағаштар. Осы тұрғыдан алғанда, бұл шара аймақтағы экологияны одан әрі жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға ықпал етеді.
Оқи отырыңыз