KZ
Өскемен
+2°
плотный туман Штиль
521.53 601.01 6.43

Бүгін Өскеменнің көшелері мен аулаларына шырша көшеттері отырғызылды

5.10.2019, 06:15 222

 

ШҚО əкімі бүгін Өскемендегі Молдағұлова көшесінің бойындағы және Ана мен бала орталығының ауласындағы шырша көшеттерін отырғызу жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі "Өзекті" ақпараттық порталына сілтеме жасап.

- Бұл тек бастамасы ғана. Көктемде алдын ала жерді қазып, әр аулаға қанша ағаш керектігін есептеп, шамамен 3000-ға жуық ағаш отырғызамыз. Сондай-ақ келер жылы 19 -шы шағын ауданында да көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін боламыз, -деді Даниал Ахметов.

Молдағұлова көшесіне 140 шырша отырғызылды. Шараға аталған көшенің тұрғындары да қатысты.

Ана мен бала орталығының қызметкерлері де ағаш отырғызу бастамасына білек сыбана атсалысты.

Естеріңізге сала кетсек, биыл 9 жас дәрігерге баспана берілген болатын. Қызу жұмыс барысында жас мамандар өңір басшысына алғыстарын білдірді.

- Енді сіздер қазіргі күні тапшы болып тұрған мамандарды жұмысқа алсаңыздар, оларға да пәтер береміз, -деді аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу