Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды
freepik.com
Жаңа қызмет жер асты суларының кен орындары мен учаскелеріне, сондай-ақ су жинағыш гидрогеологиялық ұңғымаларына толық түгендеу жүргізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Үкіметінің мәліметіне сүйенсек, Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру аясында «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Сонымен қатар, «Қазгидрогеология» жер асты сулары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, гидрогеологиялық саланы кешенді цифрландырумен айналысады.
Жер асты суларын іздестіру, барлау және гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау қызметін лицензиялау, сондай-ақ жылу энергетикасы, жылыжай және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін жер асты суларының геотермалдық ресурстарын (баламалы энергия көзі) пайдалану бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізу жоспарлары да бар.