KZ
Өскемен
+6°
туман жел 1 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Қазақстанда «Қазгидрогеология» қайта құрылады

Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

8.04.2024, 23:24 110 Айжанат Бақытқызы

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанда гидрогеологиялық қызмет құру туралы құжат дайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

«Жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекет қатысатын «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын», - делінген «Ашық АНҚ» сайтында жарияланған құжат мәтінінде.

Негізгі қызмет түрлері:

*жер асты суларын басқаруды цифрландыру;
*жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, гидрогеология және геофильтрация үлгілері, цифрлық және картографиялық деректер базалары және оларды басқару жүйелері саласындағы деректер базалары мен тұрақты географиялық ақпараттық жүйелерді құру.

Құжат 19 сәуірге дейін талқыланады.

- Қазіргі таңда Қазақстан экономикасындағы жер асты суларын пайдалану үлесі 7-10 пайызды құрайды. Біз бұл ресурстарды ауыз сумен қамтамасыз ету, суару және мал жаю үшін белсендірек пайдалануға ниеттіміз. Құрылып жатқан Ұлттық гидрогеологиялық қызмет еліміздің жер асты су ресурстарын барлау мен қорғауға арналған, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив