ҚР Премьер-Министрі Ресейге көңіл айтуға барды
t.me/KZgovernment
Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.