13 жасар қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды
instagram/kzchessfederation
Перу астанасы Лимада классикалық шахматтан оқушылар арасында 2024 жылғы әлем чемпионаты аяқталды.
Астаналық Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі жас санатында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқушылар арасында классикалық шахматтан 2024 жылғы әлем чемпионаты Швейцария жүйесі (9 тур) бойынша 7-17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында өткізілді.
13 жасар спортшы ең жақын қарсыласынан бір жарым ұпай артық жинап, 9 ойыннан кейін 8,5 ұпаймен жарыста мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
9 жасқа дейінгі балалар арасында жерлесіміз Иман Набиев қола медальді жеңіп алды.