Жаңа Бұқтырмадағы аурухана жөнделіп жатыр
Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентіндегі дәрігерлік амбулатория ғимараты жөнделіп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде медициналық қызмет сапасын айтарлықтай жақсаратын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Альянс21» ЖШС деп аталатын мердігерлік ұйым ғимараттың шатырын ауыстырып, екінші және үшінші қабаттарға пластикалық терезе және жылу батареяларын орнатып қойды. Енді нысанның ішіне әрлеу жүргізіліп, есіктер мен едендер, кәріз және су құбырлары ауыстырылады.
Жөндеу жұмыстары мекеменің жұмыс процесіне кедергі келтірмейтінін айта кеткен жөн. Амбулатория штаттық режимде істеп тұр.
Жалпы жұмыс барысын тексерген аудан әкімдігінің өкілдері мердігер ұйымқа олқы тұстарды да атап көрсетті.
Жаңа Бұқтырмадағы дәрігерлік амбулатория ғимараты 1972 жылы бой көтерген. Содан бері нысанға күрделі жөндеу жүргізілмеген.