KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
503.17 600.89 6.63

Германия мен Франция шекарасындағы Саар жерін су басты

EPA

18.05.2024, 18:00 263 Назерке Каримова

Өткен түнде Германияның оңтүстік-батысында қауіптің жоғары деңгейі жарияланды.

Саар жерінің премьер-министрі Анке Релингер нөсер жауыннан жағдай шиеленіскенін жеткізді, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі BILD ақпаратына сүйеніп. Бір тәулікте 1 шаршы метр аумаққа 100 литр жаңбыр жауған.

- Су деңгейі көтеріліп келеді, нысандарды тағы да су басуы мүмкін, - деді ол.


Астанасы Саарбрюккендегі тас жол мен тротуарды да су шайып кеткен. Саарбрюккен ішінде көлікпен жүру мүмкін емес.

Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау мемлекеттік басқармасы бұндай су тасқыны 20-50 жылда бір рет орын алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу