Өзендерде су деңгейі көтеріліп келеді - ШҚО
Толассыз жауған жаңбырға байланысты өңірдегі өзендерде су деңгейі қауіпті деңгейге дейін көтеріліп келе жатқаны байқалады
"Қазгидромет" қай өзендерде су қауіпті деңгейге дейін көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Қауіпті деңгейге дейін көтерілуі мүмкін өзендер:
- Үлбі ө. - Ульби Перевалочная а. (01 қараша сағ. 08.00 су деңгейі - 275 см, қауіпті деңгей - 380 см);
- Бұқтырма ө. - Лесная Пристань а. (01 қараша сағ. 08:00 су деңгейі - 474 см., қауіпті деңгей - 530 см.);
- Оба ө. - Шемонаиха қ. (01 қараша сағ. 08:00 су деңгейі - 303 см., қауіпті деңгей - 430 см.).
Синоптиктер қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы мүмкін екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз