KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Өскемен гарнизонында жазғы оқу кезеңі басталды

5.06.2024, 15:03 119

ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрылымдарында жеке құрамның іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге бағытталған кешенді тактикалық-саптық сабақтар басталды.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінде де тактикалық-саптық сабақтар өтуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жазғы оқу кезеңінде қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар, әскери қызметшілер үшін штаттық қару мен әскери техниканы бекіту жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізіледі.

- Бұл сабақтардың мақсаты - әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығын тексеру және әскери қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді іс жүзінде орындау қабілетін бағалау. Жауынгерлік аптасы бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте жеке құрам "Дабыл" командасы бойынша көтеріліп, белгіленген аймаққа шығады."Дабыл" командасына жедел әрекет ету дағдылары пысықталды. Бұл нақты жауынгерлік жағдайында аса маңызды болып табылады, - деп атап өтті 27943 әскери бөлім командирі полковник Азамат Абикенов.

Мұндай сабақтар дайындықтың маңызды элементі болып табылады. Бұл жеке құрамға кез келген жағдайға дайын болуға және жауынгерлік тапсырмаларды сенімді орындауға мүмкіндік береді.

Кешенді жаттығулар  әскери қызметшілердің кез келген жағдайда міндетін  орындауға дайындығын қамтамасыз ете отырып, олардың жауынгерлік әзірлігі мен кәсібилігінің жоғары деңгейін қолдауда шешуші рөл атқарады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив