Өскемен гарнизонында қысқы оқу кезеңі басталды.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне қарасты барлық әскери бөлімдері мен құрылымдарында бекітілген жоспарға сәйкесқысқы оқу жылының жауынгерлік әзірлікке келтіру кезінде жеке құрамның іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге бағытталған кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізіліп жатыр.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінің жеке құрамыдажауынгерлік әзірліктерін пысықтауда. Қысқы оқу кезеңі бастапқы аптасындағы жауынгерлік әзірлікке келтірудің алдында қауіпсіздік шараларынжеткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар, әскери қызметшілерге штаттық қару мен әскери техниканы бекіту шаралары жәнекешенді тактикалық-саптық сабақтары өткізіледі.
Мұндай сабақтарды өткізудегі негізгі мақсат - әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігін және олардың үйлесімділігін тексеру. Әскери қызметшілердің жүктелген міндеттерін іс-жүзінде орындай алулары да басты назарда.Қысқы оқу-жаттығу жиыны бірнеше кезеңнен тұрады. Ең алдымен жеке құрам «Дабыл» бойынша көтеріліп, сапқа тұрды. Жеке құрамның саптық дайындығытексеріліп, «Дабыл» пәрменінде жедел әрекет ету машығын тағы бір пысықтап алды.
- Өздеріңізге білгілі, жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, 27943 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын жетілдіру мақсатында тактикалық-саптық жабақтыры өткізіп жатыр. Біз бүгін жеке құрамның саптық жүріс-тұрысын, бекітілген орынға уақытылы жиналуын тексердік.Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысының талаптары негізіндегі міндеттерді жеткіздік, - деді 27943 әскери бөлімікомандирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары Марат Бралинов.
Сабақ барысында жеке құрам,яғнибөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі, оның ішінде белгіленген аудандарға техникамен шығып, барлық әскери қызметшілердің практикалық іс-қимылдары жетілдірілді.
Оқу-жаттығу сабақтары нәтижесінде өздерінің жоғары кәсіби біліктіліктерін көрсетіп,ерекше көзге түскендер алғыс хаттармен марапатталды.