Сарбаздарда қысқы оқу кезеңі басталды - ШҚО

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен гарнизонында қысқы оқу кезеңі басталды.
Қысқы оқу кезеңі сарбаздарды жауынгерлік әзірлікке келтіріп, жеке құрамның іс-қимыл дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі. Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы мұндай жауынгерлік сабақтарға белсенді қатысуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жалпы, қысқы оқу кезеңінде әскерлерді жоғарғы жауынгерлік әзірлікке келтіруге, жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен далалық машығын жетілдіруге, бітімгерлік қызметті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскери қызметшінің мәртебесін арттыру мен әлеуметтік сұрақтардың түйінін табуға басты назар аударылады.
Өскемен гарнизонындағы барлық әскери бөлімдері жаңа оқу кезеңі дабыл қағылумен басталды. Сабақ барысында жеке құрам, яғни бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі, оның ішінде белгіленген аудандарға техникамен шығып, барлық әскери қызметшілердің практикалық іс-қимылдары жетілдірілді.
Қысқы оқу кезеңі бойынша жеке құрамға жауынгерлік даярлықтың деңгейін көтеру бойынша нақты міндеттер қойылды. Бөлімшелер мен бөлімдер жоғары жауынгерлік даярлыққа келтірілді.