KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Мотоатқыштар батальонында тактикалық оқу-жаттығуы өтті - ШҚО

10.04.2023, 09:16 311 Ләззат Қанатқызы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінде батальондық тактикалық топтармен оқу-жаттығу өтті.

Батальондық тактикалық топтармен оқу-жаттығудың басында әскери бөлімдер мен бөлімшелер дабыл бойынша көтеріліп, жауынгерлік мақсаттағы ауданға штаттық техникамен марш жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ әскери қызметшілер жергілікті жерге орнығып, даладағы жұмыс орындарын пысықтаған. Артынша батальон құрамы жауынгерлік оқ ату жұмыстарында өздерін сынап көрген.

– Қазір жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, 27943 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын жетілдіру мақсатында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Біз бүгін жеке құрамның жауынгерлік жағдайдағы далалық дағдысы, бекітілген орынға уақтылы жиналуын тексердік. Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының талаптары негізіндегі міндеттерді жеткіздік, – деді 27943 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Марат Бралинов.

Оқу-жаттығуға 200-ден астам әскери қызметші және 50-ге жуық әскери техника мен қару-жарақ тартылған.

– Мұндай оқу-жаттығудың біз үшін берері көп. Себебі жеке құрам кез келген жағдайға даяр, жауынгерлік тапсырмаларды сенімді орындап, сергек болуы тиіс, – деп атап өтті кіші сержант Болат Мирас.

Оқу-жаттығу жиыны нәтижесінде өздерінің жоғары кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, ерекше көзге түскендер алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив