KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысы келер жылы аяқталады

Фото: Евгений Домашев

18.06.2024, 17:01 162

Осинов асуын айналып өтетін жол учаскесінің құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Облыс орталығы Өскемен қаласы мен сонау шекара түбіндегі Катонқарағай ауданының Рахман қайнарын жалғап жатқан республикалық маңызы бар жолдың аталған учаскесінде қазір жұмыс қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізе салсақ, қарқынды басталған бұл жоба 2018 жылы тоқтап қалған. Себеп – жаңадан салынатын жол учаскесі мемлекеттік орман қорының аумағымен өтеді. Сондықтан жауапты ведомстволар тиісті құжаттарды реттеп, бір келісімге келуі үшін біраз уақыт қажет болған. Ал бұл кезде құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасы ескіріп қалады да, мердігер жобаны орта жолда қалдырып кетеді.

«Қазір жолдың 56-дан 72-ші шақырымына дейінгі аралығына түзетулер енгізілді. Конкурс өткізілді. Мердігер мекеме анықталды. Ол – «Kurylys Group RK» ЖШС. Былтыр қазан айында келісім жасалды, дайындық жұмыстары басталды. Биылға шамамен 3,9 млрд теңге қарастырылып отыр, оның 2,9 млрд теңгесі игеріліп қойды. Жолдың 72-ден 88-ші шақырымына дейінгі учаске бойынша түзетулер жүргізіліп жатыр. Жоба аяқтау мерзімі 2025 жылға жоспарланған, өйткені биік тіректері бар үлкен әрі күрделі көпір салу керек. Сол себепті үлкен құрылысты жүргізуге уақыт қажет болады», – деп хабарлады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив