Жалған шетел валютасын өткізу фактілері жиілеп кетті - ҚМА
Фото: depositphotos.com
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шетел валютасын өткізу фактілерінің жиілеп кеткеніне байланысты ел тұрғындарына ескерту жасады.
Демалыс маусымы қарсаңында азаматтар валюта айырбастау кезінде, әсіресе шетелге шыққанда, қырағылық танытуы керек, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Қызметі қолма-қол ақша айналымымен байланысты азаматтар мен қаржылық мониторинг субъектілері (ЕДБ, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) жалған банкноттар табылған жағдайда дереу ҚМА-ның аумақтық департаменттеріне (байланыс телефондары төменде келтірілген) жүгінуі тиіс.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың басынан бері ел аумағында 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелген (2023 жылы – 45 қылмыстық іс, 2022 жылы – 44 қылмыстық іс).
Тек 2023 жылы және 2024 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 763 жалған банкнот тәркіленді. Жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады.
Сонымен бірге, ҚРҰБ жалған банкноттары мен монеталарын не шетел валютасын өткізу мақсатында дайындау немесе сақтау мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге (ауырлығына қарай) бас бостандығынан айырылады. (ҚР ҚК 231-бабы).