KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
484.37 531.06 5.05

Ақша айырбастауға қатысты жаңа заң нормасы қабылдана ма?

7.08.2019, 04:04 172

Ұлттық банк келесі жылдан бастап ақша айырбастаған адамның аты-жөні мен жеке куәлігінің нөмірін жазып отыруды міндеттеуді жоспарларып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сондай-ақ 500 мың теңгеден аса ақша айырбастауға немесе сатуға рұқсат етілмейтіні туралы айтылады. Ал валюта айырбастау орындарының жұмысын таңғы сағат 10:00-нан кешкі 19:00-не дейін шектеуді ұсынып отыр.

Құжат 16 тамызға дейін талқыланады. Алайда экономистер Ұлттық банктің бұл бастамасы шикі және ел экономикасын тығырыққа тірейтінін айтады. Осы орайда Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан Аруповтың КТК телеарнасына берген сұхбатында білдірген пікірін ұсынамыз:

«Бір адам аяқ астынан валюта айырбастағысы келсе, амалын табады. Бұл жерде валюта айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын шектеу арқылы көлеңкелі бизнеске жол ашамыз. Себебі ақшаны жасырын, қолма-қол сататындардың саудасы қызады. Оған қоса, валютаны бір алғанда, сауда 500 мың теңгеден аспауы керек деген де күлкілі. Сонда құны 1500 доллардан асатын жылжымайтын мүлікті сатқандар не істемек?»

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив