Қазақстандағы ақша айырбастау пункттері жұмыс режимін өзгертті
1 ақпаннан бастап ақша айырбастау пункттері жаңа ереже бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Енді ақша айырбастау пункттері 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың айтуынша, жұмыс кестесінің өзгеруі айырбастау пункттері мен тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектеседі.
Бірақ әуежайлардағы, темір жол вокзалдары мен мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі ақша айырбастау орындарының жұмыс режимі өзгермейді. Олар тәулік бойы ашық. Ал бірінші санаттағы ірі сауда орталықтарында - 9:00-ден 22:00-ге дейін істейді.