Ақша айырбастау пункттерінде қазақстандықтардың мәліметтерін жазып алу ұсынылды
Қазақстанда айырбастау пункттерінде ақша айырбастау кезінде адамдардың жеке мәліметтерін жазып алу ұсынылды. Мұндай ұсынысты Ұлттық банк жасап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Bnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұсыныс қабылданған жағдайда, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілмек.
Бұл нені білдіреді? Әрбір ақша айырбастау операциясынан кейін журналға адамның жеке куәлігіндегі толық мәліметтер тіркелетін болады. Сондай-ақ, айырбастайтын ақшаның сомасы да 500 мың теңгеден аспауы керек деген жаңа талап енгізіледі.
Одан бөлек, ақша айырбастау пункттерінің жұмыс уақыты да өзгеруі мүмкін. Ұлттық банк оның жұмысын сағат 10.00-нан 19.00-ге дейін азайтпақшы.